420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем елдерінде ПТР тест қанша тұрады?

  • 383
  • UPD: 10:47, 26.10.2020
Әлем елдерінде ПТР тест қанша тұрады?

26 қазаннан бастап халықаралық рейстермен келген жолаушылар ПТР тест болған жағдайда ғана Қазақстанға кіре алады.

Әлемде ең қымбат ПТР тест Лондонда (140 мың тг), ал ең арзан Бішкекте (9000 тг).

Қазақстанда наурыз айында шамамен 20000 тг болған ПТР тестілердің бағасы қазанда 1,5 есе төмендеп, 8000 тг-ге жетті.

Көктемде Денсаулық сақтау министрлігі тестілеудің қымбаттығын материалдардың құны мен сұраныстың артуы жағдайында тапшылықпен түсіндірді. Күзге қарай қажетті көлемде тестілеуді ретке келтіруге мүмкіндік болғандықтан, мемлекеттік сатып алулардың құны төмендеді.

26 қазаннан бастап халықаралық рейстердің жолаушыларына Қазақстанға кіруге ПТР-тест болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Әрине, нәтиже теріс болған жағдайда. Анықтама нәтиже берілген күннен бастап Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен сәтке дейін үш тәулік (72 сағат) ішінде жарамды деп есептеледі. 

Саяхатшылар ПТР тестті қайда тапсыра алады?

Ресей

Мәскеуде ПТР тесттің бағасы 2300 рубльге немесе 12 913 тг-ге тең.

Нәтижені күту уақыты – 24-72 сағат аралығы.

Анықтамалар орыс және ағылшын тілдерінде электронды поштаға жіберіледі. Түпнұсқа қағаз түрінде ұсынылады.

 

Қырғызстан

Бішкекте ПТР бағасы 1700-2390 сом аралығында, теңгеге шаққанда: 12684 тг.

Нәтижені күту: 24-48 сағат.

Анықтаманы вебсайттан жүктеп алуға болады немесе қолға орыс және ағылшын. қырғыз тілдерінде беріледі.

 

Өзбекстан

Ташкентте ПТР тесттің құны 22-30 долларды, 250 000-300 000 сумды немесе 9414-12838 теңгені құрайды.

Күту уақыты: 24 сағат

Анықтамалар орыс, ағылшын және өзбек тілдерінде беріледі.

 

Украина

Киевте ПТР тест 950 гривеннен басталады, яғни 14366 тг.

Дайындалу уақыты: 12-24 сағат.

Анықтамалар орыс, украин және ағылшын тілдерінде беріледі.

 

Түркия

Ыстамбұлдағы ПТР тесттің құны 250-400 лира аралығы (21 491 тг).

Күту уақыты: 24 сағатқа дейін.

Ыстамбұл әуежайында 250 лира, күту уақыты: 4 сағат.

Анталияда 180 лирадан басталады (9671 тг).

Күту уақыты: 24 сағатқа дейін.

Анықтамалар ағылшын тілінде беріледі.

 

Оңтүстік Корея

Сеулде қаланың өзінде де, әуежайда да ПТР тест 100-200 долларға шығады. Ол – шамамен 42 792-85 585 тг.

Күту уақыты: 12-48 сағат

Анықтамалар ағылшын тілінде беріледі.

 

Мысыр

Шарм әл-Шейхте ПТР тест құны 180 мысырлық фунтқа тең (45 768).

Күту уақыты: 48 сағат.

Анықтамалар қолға ағылшын тілінде беріледі.

 

БАЕ

Дубай, Шарж, Абу-Даби, әл-Айн, Ажман, Рас-әл-Хайм қалаларында ПТР тесттен өтуге болады.

Құны: 150 дирхамнан немесе 17 475 тг.

Күту уақыты: 24-48 сағат

Анықтамалар ағылшын тілінде беріледі.

 

Ұлыбритания

Лондон мен Манчестерде ПТР тесттің құны 250 фунт немесе 139 567 тг-ні құрайды (әлем бойынша ең қымбат).

Күту уақыты: 48 сағат

Анықтамалар ағылшын тілінде беріледі.

 

Германия

ПТР тесттен Франкфурт, Дюссельдорф, Мюнхен қалаларының әуежайларында өтуге болады.

Құны – 59 еуро (12-24 сағат) және 139 еуро немесе 29 951- 70 562 тг.

Ұсыныстардың көптігінен плдын ала онлайн жазылу қажет.

Анықтама ағылшын тілінде беріледі.

 

Нидерланд

Амстердамда тестті әуежайда тапсыруға болады. Құны – 145 еуро немесе 73 608 тг.

Күту уақыты: 24-32 сағат

Нәтижелері ағылшын тілінде беріледі.

 

 

Хабар 24 телеарнасы