423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үржар ауданында коронавируспен күреске қосымша қаражат бөлінді

  • 214
  • UPD: 12:30, 26.10.2020
Үржар ауданында коронавируспен күреске қосымша қаражат бөлінді

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында қауіпті індетпен күреске қосымша қаражат бөлініп, керекті құрал-жабдықтар сатып алынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрын халық сапалы тексеруден өту үшін көршілес Аягөз ауданына немесе Семей, Өскемен қалаларына баруға мәжбүр еді. Енді облыс қазынасынан 500 миллион теңгеге компьютерлік томография, оттегі станциясы алынып, орнатылып жатыр. Жыл соңына дейін ПТР-зертханасын ашу да көзделіп отыр. Жұқпалы дерттің екінші толқыны бола қалған жағдайда инфекциялық бөлімде 30 төсек дайындалған. Ал дәрігерлердің 14 күндік карантин кезіндегі тәулік бойғы жұмысына модульдік кешен орнатылыпты. Онда медицина қызметкерлерінің тынығып, демалуына барлық жағдай қарастырылған.

Ақан Қасымбеков, Үржар аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Бұл оттегі станциясынан минутына 250 литр оттегі бөлініп шығады. Мұнымен 50 науқасты оттегімен қамтамасыз ете аламыз. Бұған өкпені жасанды желдету аппаратын, 50 аппаратты қосуға болады. Бұрын-соңды мұндай болмаған. Бұл тек қана індетке емес, халыққа басқа кездерде де халыққа қолданысқа күнделікті беріліп отырады. Оттегімен қамтамасыз етіп отырамыз, өкпе демікпесі, тағы да басқа өкпе ауруларының барлығына күнделікті қолданыста болады.

 

Хабар 24 телеарнасы