423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде үш күнде 10 мың жүргізуші жол ережесін бұзған

  • 143
  • UPD: 13:21, 26.10.2020
Елімізде үш күнде 10 мың жүргізуші жол ережесін бұзған

3 күннің ішінде жол ережесін бұзудың 10 мыңға жуық дерегі тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мас күйінде тізгінге отырған 15 адам ұсталды. Олардың барлығы көлік жүргізу құқығынан айырылады. Ел бойынша 1700 автобус жүргізушісі рөлде отырып телефонмен сөйлескені үшін жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық көліктің 300-ге жуық жүргізушісі жылдамдықты арттырып, өзгелерге қауіп төндірген. Ең сорақысы, автобустардың техникалық жағдайы күдік тудырады. Мыңнан астам автобус техникалық байқаудан өтпеген немесе заңсыз қайта жабдықталған болып шықты. 292 көлік айыппұл тұрағына қойылды. «Автобус» жедел алдын алу шарасы кезінде 126 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 автопарктің лицензиясы тоқтатылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы