422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында қаза тапқан екі полицейдің отбасыларына пәтер беріледі

  • 220
  • UPD: 15:35, 26.10.2020

Ақмола облысында жақында қызмет бабында қаза тапқан бурабайлық қос полицейдің отбасына пәтер беріледі.

Бұл туралы аймақтың бас полицейі Арманбек Баймурзин марқұмдардың жақындарымен кездесу барысында айтты. Сондай-ақ олардың әйелі мен балаларына барлық көмек көрсетілетінін жеткізді. Мемлекеттен бөлінетін 11 млн теңгені алу үшін құжат жинауға да жәрдем жасалмақ.

Айта кетейік, 15 қазан күні таңғы уақытта Бурабай аудандық патрульдік полиция қызметкерлері Қанат Отарбаев пен Қанат Хамидуллинді көлік қағып кетіп, екеуі де оқиға орнында көз жұмған болатын. Қазір жүгенсіз жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Жалпы Ақмола облысында тәуелсіздік жылдары 25 полицей қызмет барысында қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы