423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ертеңнен бастап ПТР-тесті жоқ өзге елдерден келетін жолаушылар ұшаққа отырғызылмайды

  • 161
  • UPD: 15:24, 26.10.2020
Ертеңнен бастап ПТР-тесті жоқ өзге елдерден келетін жолаушылар ұшаққа отырғызылмайды

Елімізге өзге мемлекеттерден келетіндердің қолында ПТР-тест анықтамасы болмаса, олар ертеңнен бастап ұшаққа отырғызылмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуе кемесіне Қазақстан азаматы да, шетелдік те өткізілмейді. Бұл тек шеттен келетін рейстерге қатысты талап. Мұны Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді. Ал, қазір елге шеттен коронавирусқа қарсы тест анықтамасы жоқ жолаушылар әлі де келіп жатыр. Бір тәулікте елордаға 700-ден аса адам ұшып келді. Соның 108-інде тестің анықтамасы болмаған. Бәрі карантиндік стационарға жіберілді. Жалпы елімізге өзге мемлекеттерден өткен тәулікте ұшақпен 1200 жолаушы келді. 87%-інде тест анықтамасы болған.

Хабар 24 телеарнасы