422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында бір апта ішінде той жасағандарға 800 мың теңгеге айыппұл салынды

  • 199
  • UPD: 15:24, 26.10.2020
Ақтөбе облысында бір апта ішінде той жасағандарға 800 мың теңгеге айыппұл салынды

Ақтөбе облысында санитарлық талапқа салғырт қараушылардың қатары азаймай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек бір апта ішінде мерекелік іс-шараларды өткізген жеке тұлғаларға 800 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Ал, соңғы үш айда дәмхана-мейрамханаларда 29 рет той-томалақ және өзге де отбасылық жиындардың ұйымдастырылғаны анықталып отыр. Нәтижесінде ондай кәсіпкерлік нысандарына салынған айыппұл көлемі 8 млн теңгеден асып кетті. Жалпы өңірде бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау тәртібінің жиі бұзылатыны белгілі болып отыр. Ал, кейбір нысанда қызметкерлердің дене қызуы өлшенбей, жұмыс істеуіне жағдай жасалады екен. Мұндай олқылықтарды мобильді мониторингтік топтар мен полицияның рейдтік жұмыстары анықтаған. Олардың құжаттары негізінде тексерулер бастау алған шілдеден бері санитарлық талапты сақтамағандарға 98 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы