425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда жасырын казино компьютерлік клуб түрінде жұмыс істеп келген

  • 253
  • UPD: 15:22, 26.10.2020
Таразда жасырын казино компьютерлік клуб түрінде жұмыс істеп келген LoginCasino

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Тараз қаласында орналасқан кафелердің бірінде компьютерлік клуб ретінде ҚР ойын бизнесі заңнамасының талаптарын бұза отырып, лицензиясыз жасырын казино жұмыс істегендігін анықтады.

Жедел-тергеу шаралары нәтижесінде белгісіз азаматтардың заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі әшкереленді. Тінту шаралары барысында анықталған мекенжай бойынша 25 компьютер, 6 монитор, 4 ойын терминалы және 5 ойын аппараты (слот-машиналар) тәркіленіп алынды.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабына (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі тіркеліп, тергеу шаралары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы