422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ІІМ: Қазақстанда интернеттегі алаяқтық екі есеге өсті

  • 147
  • UPD: 15:23, 26.10.2020
ІІМ: Қазақстанда интернеттегі алаяқтық екі есеге өсті

Интернеттегі алаяқтық көбейіп кетті. 3 жылдың ішінде екі есеге өсіп, қазір 8 мың қылмыс тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері 1700 іс ашылып, 400 адам ұсталған. Өзгенің атына несие рәсімдеу, банк карточкасындағы ақшаны жымқыру фактілері күнде болады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мұндай қылмысты ашу қиын, сондықтан сақтық шарасын күшейту керек», - дейді полиция. Алаяқтар әлемнің кез келген түкпірінде отыруы мүмкін. Жақында 50 елорда тұрғынының банк карточкасынан 2,5 млн теңге жымқыру дерегі тіркелген еді. Зардап шеккендердің көбі зейнеткер. Алаяқтар желідегі хабарландыру арқылы «сауда жасаймыз» деп карточканың құпия кодын біліп алады екен.

 

Хабар 24 телеарнасы