Екібастұздық өрт сөндірушілер еліміздің азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орай МТ-13 4x4 «Тұлпар» шағын тракторын құрастырды.
Жобаның авторы – Екібастұз қаласындағы №6 өрт сөндіру бөлімнің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Серік Раскелдінов.
Жобаны жүзеге асырып, мини-тракторды құрастырғандар: №6 өрт сөндіру бөлімнің өрт сөндірушісі Мұхтар Әділет және осы бөлімнің жүргізуші-қызметкері Тілек Мейрамғалиев.
«Барлық бөлшектерді металл базасынан жинақтап, кейбірін қолдан дәнекерлеп жасады. Трактордың отырғышына ескі креслоны пайдаландық», – дейді №6 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Дархан Қабылтаев.
Шағын тракторды өрт сөндіру бөлімінің аумағын тазалау және қар шығару жұмыстарына пайдалану көзделіп отыр.