423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Петропавлда карантин талаптары сақталмай тұр

  • 371
  • UPD: 20:16, 26.10.2020

Петропавлда карантин талаптары сақталмай тұр. Ескертулер мен түсіндіру жұмыстарына қарамастан, шаҺардағы тойханалар жұмысын тоқтатар емес.

Өткен демалыс күндері бақылау тобының мүшелері арнайы рейд барысында қаладағы екі мейрамхананы әшкереледі. Оның бірінде отбасылық жиын, екіншісінде конференция өтіп жатқан. Шағын дәмханалар да жұмысын жасырын жалғастырған. Қазір барлық фактілер жиналып, тиісті органдарға жолданды. Жалпы шектеу шаралары енгізілгеннен бері өңірде карантин талабын бұзудың мыңнан астам дерегі анықталған. Салынған айыппұл көлемі 59 миллион теңгеден асады. 

Баян Байғаскина, облыстық ПД жергілікті полиция басқармасының аға инспекторы:

- Демалыс күндері 18 құқық бұзушылық анықталды. Мысалы сенбі күні Эмират мерамханасында 30 адамнан астам жиын өткізілгені анықталды. Аталған мейрамхананың иесіне  қатысты әкімшілік материалдар жиналып, санитарлық эпидемиологияға тиісті шешім қабылдану үшін жолданды.

Хабар 24 телеарнасы