422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Карантин: Көкшетауда жексенбі күні орталық базар жұмыс істеген

  • 182
  • UPD: 19:51, 26.10.2020
Карантин: Көкшетауда жексенбі күні орталық базар жұмыс істеген

Көкшетауда өткен екі тәулікте карантин талаптарын сақтамаған 26 нысан анықталды. Олардың басым бөлігі кәсіпкерлік нысандары.

Демалыс күндері қалада 5-6 мейрамхана жұмыс істеген. Бірінде 40 адамға арналған еске алу асы өтсе, басқасында 100-ден астам кісі жиналып, той тойлап жатқаны да белгілі болды. Соған қарамастан нысанның қожайындары тексерушілерге есік ашпай, бірнеше сағат бойы қарсылық танытыпты. Дегенмен, заң бұзушылық тіркеліп, іс сотқа жолданған. Балалар ойын-сауық орталығының да ашық тұрғаны тіркелді. Ең сорақысы, облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына қарамастан жексенбі күні қалада орталық базар жұмыс істеген. Кәсіп иесі енді ірі көлемде айыппұл төлейді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, карантин талаптарын бұзған бизнес өкілдеріне 600 мың теңгеден бастап 4 млн теңгеге дейін айыппұл салынады. 

Қанат Ысқақов, қаланың бас санитар дәрігері:

- Бұл кәсіпкердің шектеу шараларын мүлдем көзге ілмегендігін көрсетеді. Сондайлардың кесірінен бізде коронавирусқа шалдыққандар көбейіп барады. Қазір қаладағы стационарларда 87 адам емделіп жатыр. Олардың төртеуі тыныс алу аппаратына қосылса, тағы бесеуі ауыр халде. Бүгінгі күні облыс бойынша вирус жұқтырғандардың 80 проценті біздің шаһардың үлесінде. Сондықтан сақтанып жүрген жөн.

Хабар 24 телеарнасы