422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысы карантиннің сақталуын тексеруде көзбояушылық жасап жүр – Штаб

  • 170
  • UPD: 20:20, 26.10.2020

Қостанай облысында коронавируске қарсы мониторингтік топтардың жұмыс нәтижесі көңіл көншітпейді.

Өңірлік жедел штабтың бүгінгі отырысында осындай баға берілді. Соңғы аптада облыс бойынша 1200-ге жуық нысан тексерілген. Карантин талаптарын бұзудың небәрі 49 дерегі  анықталыпты. Аудандарда бір де бір оқиға тіркелмепті.

Штаб мүшелерінің айтуынша, қағаз жүзінде қадағалап отыр, бірақ нақты істе көзбояушылық басым. Өңірде той-домалақ, отырыс-жиындардың тыйылмай отырғаны көпке мәлім. Оларды анықтап, ұстағанның өзінде құр ескертумен құтылады. Облыста соңғы екі аптада коронавируспен ауруханаға түскендер саны 4 есе өскен.

Бекет Аймағамбетов, облыстық полиция департаментінің басшысы:

- Мониторингтік топ тек күндіз ғана жұмыс істейді. Сосын бір-екі дүкенге кіріп, қолғап, бетперде, антисептиктің бар-жоғын ғана тексерді. Көбіне түсінік жұмыстарымен шектеледі. Түн жарымына дейін той өткізетін қоғамдық тамақтану орындары олардың назарынан тыс қалып жатыр. Негізінен сондай орта қауіп ошағы саналады.

Хабар 24 телеарнасы