425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында пайдаланусыз жатқан жер инвесторға беріледі

  • 192
  • UPD: 23:56, 26.10.2020

Павлодар облысында жыл басынан бері бос жатқан 665 мың гектар ауыл шаруашылық алқабы анықталды.

Бүгінгі таңда 134 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылса, 258 мың гектар жер игеріле бастаған. Облыстық қала құрылысы және жер бақылау басқармасының мәліметі бойынша аймақтың жер қоры 12 миллион гектарға жуықтайды. Бүгінде оның 3 проценті игерілмей жатыр. Кепілде тұрған жерлерді айналымға енгізу инвесторлар арқылы жүзеге асады. Мұндай жұмыстар бірінші болып Ертіс ауданында қолға алынды. Кепілдікке қойылған 15 мың гектар алқап қолданысқа берілді. Қазір онда жер өңдеу жұмыстары басталды. Ақтоғай ауданында да бос жатқан жерді игеру жұмысы қолға алынған. Инвесторларға 3,5 мың гектар жер берілді. Енді тағы 23 мың гектар алқапты айналымға енгізу жоспарда тұр. 

Болат Мидиу, облыстық қала құрылысы және жер бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

- Пайдаланылмай бос жатқан жерлердің басым бөлігі Ертіс, Ақтоғай және Железин аудандарына тиесілі. Жерді пайдаланушылармен түсіндіру жұмыстары қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүргізіледі. Әкімшілік жауапкершілікке тарту, жер салығының мөлшерлемесін арттыру шарасы қолданылады. Алайда қаржы тапшылығынан көктемгі дала жұмыстарын атқаруға мүмкіндігі жоқ шаруашылықтар  өз еріктерімен бас тартты. Ол жерлер мемлекет меншігіне өтеді.

Хабар 24 телеарнасы