420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы ауыл халқы тәуліктік стационарға зәру

  • 207
  • UPD: 08:03, 27.10.2020
ШҚО-дағы ауыл халқы тәуліктік стационарға зәру

Шығыс Қазақстан облысындағы Тұғыл ауылының тұрғындарын тәуліктік стационардың жоқтығы қинап тұр,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауылдық аурухананың қызметі өткен жылы оңтайландырылған еді. Сөйтіп мекеме «Дәрігерлік амбулаторияға» айналып шыға келді. Содан бері берекеміз кетті, табан астында ем қабылдау мұң болды дейді Тұғыл тұрғындары. Өйткені ауыл халқы ауыра қалса анау 60 шақырым қашықтықтағы аудан орталығы Ақжарға сабылуға мәжбүр. Кейде көлік таппай сарсаңға түседі. Немесе сырқаты асқынып тұрғандардың жол жүруге шамасы келмей қалады. Қысқасы қиындық көп. «Бес мыңға тарта түтіні бар елді мекенге, бір аурухана неге көптік етті деп түсіне алмай дал болушылар әлі де үкіметтен үміт үзген жоқ. Тым болмаса күндіз жатып емделетін бір орын табылар деп отыр. Жергілікті жұрттың айтуына қарағанда, ауылда көпбалалы немесе жарымжан балаға қарап отырған отбасылар көп. Ал ауырған кезде Ақжарға такси жалдап қатынауды қалтамыз көтере бермейді дейді Тұғыл жұрты.

Жадыра Жүнісова, Тұғыл ауылының тұрғыны:

– Бес мың, төрт мың халқы бар жерде стационар болуы керек, бірақ бізде неліктен жоқ? Себебін білмейміз, себебін түсіндіріп айтатын кісі бар ма, бес мың тұрғынның жанайқайы десе де болады.

Шалғай ауылдағы халықтың мұң мұқтажына сала басшылары не дейді. Бұл сұрақтың жауабын тілшілеріміз анықтайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы