423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда іргесіндегі Көктал-1 елді мекенінде 16 гектарлық саябақ ашылды

  • 173
  • UPD: 09:44, 27.10.2020

Жергілікті халықтың өтініші бойынша демалыс орны үш аймақтан тұрады. Оның ішінде теннис ойнайтын корт, волейбол, баскетбол, футбол, йога алаңдары да бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордадағы Көктал-1 тұрғын алабында жаңадан демалыс орны ашылды. Саябақ аумағында 8 мың ағаш отырғызылады. Мұнда тыныш серуен аймағы, амфитеатр бар. Сонымен қатар жастар мұнда неке қию рәсімін өткізе алады.

Айдын Бегімбеков, қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары:

– Балалар алаңы, жарық жүйесі, суару жүйесі автоматтандырылған. Веложол, жүгіру жолы болады. Үлкен тенис алаңы бар. Алаңда жеті қазынамыздың бірі иттерді қыдыртатын арнайы жол. Амфитеатр салынды. Аспан астында кино көріге ыңғайлы.

Демалыс орны көлемі жағынан екінші ірі саябақтың біріне айналады. Қыс мезгілінде шаңғы, коньки тебуге болады. 30-дан аса бейнебақылау орнатылады. Жалпы қазір елорданың шет аймақтарын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Қала ішіндегі саябақтардың жағдайы тіпті мүшкіл еді. Мәселен, Ақбидай 11 мекенжайындағы балалар алаңқайында жөн-жосықсыз төгілген қоқыс жататын. Жазда ойын алаңы жаңартылып, тұрғындар игілігіне берілді.

Ирина Манучарова, қала тұрғыны:

– Немеремді мектептен алып қайтқанда осы саябаққа келіп демаламыз. Суретке түсіп, серуендеп қайтамыз. Бұл алаңның ашылатынын естігенімізде қуандық. Ата-аналарға, балаларға өте жақсы болды.

Пригородный елді мекеніндегі аула алаңының жағдайы да көңіл көншітпейді. Жаз айында олар да жаңартылды. Жыл басынан бері 50-ге тарта саябақты абаттандырып, 150-ден астам ауланы жөндеу жоспарланған.

Айдын Бегімбеков, Нұр-Сұлтан қаласы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары:

– 30 жылдың басында жоспарланғандай, өндірістік тұрғын алабында 2 саябақ ашылды. Алдағы жылдың жоспарында аудандық әкімшілікпен бірлесе отырып тұрғындардың сұранысы бойынша тағы да қоғамдық орындар ашылу жоспарлануда. Ильинка тұрғын алабында да осындай орын ашылу жоспарлануда.

Жоспар бойынша елорданың шет аумағындағы бос жатқан жерлерді игеру жұмысы жанданады. Енді ескі ғимараттар бұзылып, жарамсыз нысандардың орнында көпшілікке арналған саябақтар ашылады.

Хабар 24 телеарнасы