422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғандағы оңтүстік-шығыс ықшам ауданының тұрғындары балаларымыз тоққа түсе ме деп алаңдаулы

  • 166
Талдықорғандағы оңтүстік-шығыс ықшам ауданының тұрғындары балаларымыз тоққа түсе ме деп алаңдаулы

Өйткені өз күшімен тартқан электр желілері салбырап, бағаналары қисайып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті тоқ жүргізілген сымтемір бірінің қорасына келесісінің қоршауына тиейін деп тұр. Одан бөлек, көпшілік арық жүйесінің бұзылып, бау-бақшасын суғара алмай қалғанына наразы. Жолдың нашарлығы және ауызсу проблемасы да өзекті болып тұр. Көкейкесті мәселесін бірнеше жылдан бері шеше алмай жүрген қалалықтар арнамызға хабарласып, базынасын айтты. Біздің түсіру тобымыз барғанда көпшілік қала әкімінің атына арнайы хат жазып, мәселені тездетіп шешіп беруін талап етті.

Ғалия Тайболатова, қала тұрғыны:

– Су, жарық, канализация, арық жолдың мәселесі, соның бәрі осының ішінде. Содан кейін аялдаманың проблемасы. Түнімен жастар осы жерде болады. Жаздай немерелермен осы жерге шығудың өзі қорқынышты.

Бұл мәселені біздің арнаның аймақтағы тілшілері де басты назарға алған.

Хабар 24 телеарнасы