425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда кәсіпорындары бірінің басшысы салықтардан жалтарғаны үшін сотталды

  • 166
Елорда кәсіпорындары бірінің басшысы салықтардан жалтарғаны үшін сотталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Атырауоблтяжстрой» ЖШС басшысына қатысты аса ірі мөлшерде салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді жүргізуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді.

Құжаттамалық салық тексерісінің актісіне сәйкес кәсіпорын үш жыл ішінде 1,3 млрд теңгеден астам сомаға салықтарды төлеуден жалтарған. Салықтардың қосымша есептелуіне жалған шот-фактуралар жазып берген кәсіпорындармен келісімдер негіз болды.

Нұр-Сұлтан қ. Сарыарқа ауданының №2 сотының үкімімен ҚР ҚК 245-б. 3-б. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кәсіпорын басшысына 3 жылға коммерциялық ұйымдарда басқару лауазымдарын атқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы