420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада арнайы операция барысында есірткі сатушылар ұсталды

  • 141
Елордада арнайы операция барысында есірткі сатушылар ұсталды

27 жастағы күдіктінің көлігін тінту кезінде сіріңке қорабына салынған 500 грамнан астам гашиш тәркіленген.

Есірткіні жеткізуші де ұсталды. Ол бұрын сотталған 34 жастағы Жамбыл облысының тумасы болып шықты. Оның пәтерінен оқ-дәрілері бар тіркелмеген травматикалық қару, 2 млн теңгеден астам қаражат және есірткінің ірі партиясы табылды. Жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде «қара базардағы» құны 9 млн теңге болатын 6 келіден астам гашиш заңсыз айналымнан алынды.

Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы