425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Еңбек» бағдарламасы: 190 мың адам бірден жұмысқа орналасқан

  • 265
  • UPD: 13:28, 27.10.2020
«Еңбек» бағдарламасы: 190 мың адам бірден жұмысқа орналасқан

Өткен 9 айда «Еңбек» бағдарламасына 500 мыңға жуық адам қатысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көбі – карантин кезінде табысынан айырылғандар. 190 мың адам бірден жұмысқа орналасқан. 68 мың жұмыссыз кәсіпкерлік негіздерін оқыған. Қырық мыңға жуық адам жеңілдетілген несие және грант алып, кәсібін ашыпты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, өз ісін бастағандар 10 200 жұмыс орынын құрған. Сондай-ақ мемлекет субсидиялаған жұмыс орындарына 195 мың адам тартылған. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясындағы жобалардың 63 проценті аяқталған. Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстарында бұл шаралар аяқталуға жақын. Ал Алматы, Атырау мен елордада жол картасының жобалары әлі де жалғасады. Үкімет басшысы Асқар Мамин жұмыспен қамтудың жол картасын жаңартуды тапсырды. 

Хабар 24 телеарнасы