425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауызсумен қамту деңгейі төмен облыстар аталды

  • 156
  • UPD: 12:27, 27.10.2020
Ауызсумен қамту деңгейі төмен облыстар аталды

Қостанай, Жамбыл және Павлодар облыстарында ауызсумен қамту деңгейі төмен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, Атырау және Қызылорда өңірлерінде де таза су жетпеген ауылдар бар. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жоспарланған жұмыстарды кейінге қалдырмай, тезірек тиімді шаралар қабылдау керек дейді министр Бейбіт Атамқұлов. Осы орайда, Мемлекет басшысы да нақты тапсырма берген еді. Бүгінгі Үкімет отырысында осы сумен қамту мәселелері қаралды. Қазір орталықтандырылған сумен жабдықтау көрсеткіші 92, 6 процентке жеткен. Биылғы жоспар – қалаларда 97,5, ауылдарда 87,7 процентке жеткізу. Ауылдарды сумен жабдықтау жүйесін дамытуға жыл сайын 100 млрд теңге бөлінеді. Биылдың өзінде республикалық бюджеттен 113, 6 млрд теңге бөлініп, 303 жоба іске асуда. Нәтижесінде, бұрын таза су болмаған 37 ауылдың халқы сапалы суға қол жеткізеді. Министрдің айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар аясында 2025 жылға таман халық толықтай таза сумен қамтамасыз етіледі.

Хабар 24 телеарнасы