422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауызсу үшін төлемді реттейтін заң жобасы әзірленді

  • 187
  • UPD: 12:28, 27.10.2020
Ауызсу үшін төлемді реттейтін заң жобасы әзірленді

Ауылдарды сумен жабдықтауға мониторинг жүргізу мақсатында интерактивті карта іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда бірнеше параметр бойынша нақты жағдай көрсетілген. Бұл туралы Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. Сондай-ақ осы саладағы орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы құзіретті бөлу бойынша заң жобасы әзірленді. Заң жобасы өңірлерді сумен жабдықтауға арналған субсидияны бөлуді тездетеді. Әр облыстық әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, 1 текше метр су үшін халықтың төлемін реттейді.

Хабар 24 телеарнасы