423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: талапты бұзған әуе компанияларына шара қолданылады

  • 185
  • UPD: 13:21, 27.10.2020
COVID-19: талапты бұзған әуе компанияларына шара қолданылады

Қолдарында ПТР тестің анықтамасы жоқ болса да жолаушыларды ұшақтарына отырғызатын әуе компанияларына әкімшілік шара қолданылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен түнде коронавирусқа қарсы тестің нәтижесі жоқ 42 адамды бортқа кіргізгені үшін кей әуекомпанияларына қазір тиісті шара қолдану көзделіп отыр.

Атап өтейік, бүгіннен бастап өзге мемлекеттерден елімізге келетін азаматтарда ПТР тестің анықтамасы болмаса, олар ұшаққа отырғызылмауы тиіс. Мұндай талап тек сырттан келетін рейстерге қатысты. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына осындай тиісті өзгерістер енгізілді.

Хабар 24 телеарнасы