423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да той-томалақ жасау тыйылмай тұр

  • 335
  • UPD: 14:58, 27.10.2020

Батыс Қазақстан облысында санитарлық талаптарды сақтамағандар қатаң жазаланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өкінішке қарай, аймақ тұрғындары арасында тығылып той-томалақ жасау әлі де тыйылмай отыр. Ал қатерлі індетке қатысты деректер көңіл көншітпейді. Шектеу шаралары белгіленген кезеңде өңірде 47 адам коронавирусқа шалдыққан. Науқастардың дені – егде жастағы тұрғындар. Сонымен қатар ауруды өзге елден жұқтырып әкелетіндер де аз емес. Тек қазан айында ғана Ресей шекарасы арқылы облыс аумағына 11 мыңдай адам келген. Солардың тек 2 мың жарымынан ғана қауіпті вирус жұқпасына қатысты сынама алыныпты. Жұртшылықтың той-томалақ атаулығы тым әуестігі аурудың таралуына жол ашатын ең қауіпті фактор. Көптеген мейрамхана мен дәмхана иелері бірнеше мәрте осындай келеңсіз жағдайға жол беріп отыр. Сондықтан тәртіп бұзғандарды қатаң жазалаймыз дейді жедел штаб мүшелері.

Ғали Есқалиев, облыс әкімі:

– Есіктерді сындырып, кіруге мәжбүр боламыз, тойларды ортасынан тоқтатамыз. Әрине, айыппұл төлейді. Қатаң шаралар қолданамыз.

Хабар 24 телеарнасы