425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да жылу тарифі қымбаттауы мүмкін

  • 182
  • UPD: 15:18, 27.10.2020
БҚО-да жылу тарифі қымбаттауы мүмкін

Монополист қызмет құнын 15 процентке өсіруді ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі баға осыдан 5 жыл бұрын бекітілген. Келісімшарт мерзімі биыл аяқталады. Коммуналдық кәсіпорын өкілдері қаржылық қиындықтар болып жатқанын жеткізді. Мекеменің газ таратушы компанияға берешегі 600 млн теңгеден асқан. Қызметкерлердің жалақысын көтеруге де мүмкіндік жоқтығын алға тартып отыр. Ұсыныс облыстық қоғамдық кеңесте талқыланды. Онлайн жиында мәселені шешудің екі жолы қаралды. Алғашқысы, коронавируспен күрес шараларының аяқталғанын күту, ал кейінгісі, әлеуметтік сұранысты ескерместен қызмет бағасын көтеру.

Айгүл Есекенова, БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі:

– Соның бірінші ұсынысы қоғамдық кеңестің мүшелерімен бекітілді. Енді қоғамдық кеңестің шешімі ұсыныс ретінде болады. Әрі қарай басқа мемлекеттік және коммуналдық мекемелердің іс-қимылын күтеміз.

Хабар 24 телеарнасы