425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарлық дәрігерлер тұрғындарды қол алысудан бас тартуға шақырды

  • 220
  • UPD: 15:17, 27.10.2020
Павлодарлық дәрігерлер тұрғындарды қол алысудан бас тартуға шақырды

Мұндай ереже облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына енген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, жөтелу мен түшкірудің де этикасы сақталуы тиіс. «Жұқпалы індеттің таралуын болдырмау үшін қарапайым тазалық нормаларын естен шығармаған абзал»,– дейді мамандар. Қазір аймақта эпидемиялогиялық ахуал тұрақты. Бірақ арқаны кеңге салуға болмайды. Сондықтан халық көп шоғырланатын орындарға баруға тыйым салынды. Кинотеатрлар әзірге жұмысын бастаған жоқ.

Зәмзәгүл Досжанова, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, қол алысуды шектей тұруымыз керек. Өздеріңіз білесіздер, коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында осындай шектеулер жасалып жатыр. Медициналық масканы тастамай кию өте маңызды. Мұның бәрі – ұсыныс түріндегі шаралар. Оларды үнемі бақылауда ұстау мүмкін емес.

Хабар 24 телеарнасы