425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда ПТР зертханасы ашылды

  • 141
  • UPD: 15:16, 27.10.2020
Қарағандыда ПТР зертханасы ашылды

Қарағандыда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында әлеуметтік-медициналық зертхана ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәулігіне шамамен 2 мыңнан астам ПТР тест қабылдайтын жаңа нысан заманауи қондырғылармен жабдықталған. Бұл диагностика сапасын одан әрі арттырады дейді мамандар. Мұнда жылына 800 мыңға жуық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Ең бастысы, мемлекеттік тапсырыс бойынша талдауларды тегін тапсыруға болады.

Қарлығаш Сыдықова, зертхана директоры:

– ПТР тест нәтижесі сіздің бойыңызда коронавирустың бар-жоғын нақты анықтап береді. Ал жедел тест G және M иммуноглобулин деңгейін анықтайды, яғни ағзаның қаншалықты зақымданғанын көрсетеді. Дәлірек айтсақ, сізде індет енді басталып келеді немесе сіз бұған дейін ауырып, бойыңызда антидене қалыптасқан.

Хабар 24 телеарнасы