425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ПТР-анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу тек шетелдіктерге қатысты – Үкімет

  • 132
  • UPD: 16:48, 27.10.2020
ПТР-анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу тек шетелдіктерге қатысты – Үкімет фото: kazakh-tv.kz

Қазақстан аумағында коронавирус инфекциянсының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 26 қазаннан бастап халықаралық әуе тасымалын жүзеге асыратын әуе компанияларына ПТР-тестінің нәтижелері туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешім қабылдады.

Бұл талап тек шетелдік азаматтарға қатысты. Шетелде жүрген ҚР азаматтарының әуе рейстерімен ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтамасынсыз отанына оралуға құқығы бар.

Мұндай жағдайда Қазақстанға келгеннен кейін қазақстандықтар ПТР-тестілеу нәтижесін алғанға дейін карантинге орналастырылатын болады.

ҚР өңірлері арасындағы ішкі әуе рейстерінің ұшағына отырғызу кезінде ПТР-тест нәтижесі туралы анықтама талап етілмейді.

Хабар 24 телеарнасы