422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

6 қазаннан бастап шетелден келген 39 жолаушыдан коронавирус анықталған

  • 144
  • UPD: 17:16, 27.10.2020
6 қазаннан бастап шетелден келген 39 жолаушыдан коронавирус анықталған фото: ©REUTERS

Алтыншы қазаннан бері елге халықаралық әуе рейстерімен 45 мыңға тарта жолаушы ұшып келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 84%-і шетелдік. Ал, 7,5 мыңдай адамда ПТР-тест анықтамасы болмаған. Бәрі де тест тапсыру үшін 2 күнге карантиндік стационарға жатқызылды. Осы 7,5 мыңдай азаматтың 39-ынан коронавирус анықталған.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты. Жолаушылар екі күндік карантинге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қарағанды қалаларындағы стационарға жатқызылып жатыр.

Атап өтейік, шеттен елімізге келетіндерде ПТР-тест анықтамасы болуы міндетті. Ал, Үкімет өкілдері анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешімді түсіндірді. Бұл талап тек шетелдік азаматтарға қатысты. Шетелде жүрген біздің елдің азаматтары ПТР-тест анықтамасы болмаса да, әуе рейстерімен Отанға орала алады. Мұндай жағдайда Қазақстанға келгеннен кейін олар тестілеу нәтижесін алғанға дейін карантинге жатқызылады.

Хабар 24 телеарнасы