424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында карантиндік шектеулер жеңілдетілді

  • 200
  • UPD: 22:17, 27.10.2020
Жамбыл облысында карантиндік шектеулер жеңілдетілді

Мұндай шешім өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың біршама тұрақталуына байланысты қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтың Бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес бүгіннен бастап тұрғындар көшеде еркін жүріп-тұра алады. Бұған дейін жұртқа түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін жүруге тыйым салынған еді. Мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарына сағат түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Бильярд, кальян, компьютер және түнгі клубтардан басқа ойын-сауық орталықтары мерекеде және жексенбіден басқа күндері ашық болады. Мал базарларына жұмыс істеуге рұқсат берілді. Базар іші сыйымдылығына қарай 50%-тен артық толмауы тиіс.

Гауһар Макуетова, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекші маманы:

- Бұл Жамбыл облысындағы COVID-19 індетінің эпидемиологиялық жағдайына байланысты. Осы соңғы аптада, 20-26-ы аралығында лабораториямен расталған 20 жағдай ғана тіркеліп отыр. Бұл репродуктивті көрсеткіштің бірге жетпегендіктен осындай жеңілдету шаралары енгізілді

Хабар 24 телеарнасы