423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР АШМ: Елімізде құс тұмауының таралуы толығымен жойылды

  • 152
  • UPD: 21:29, 27.10.2020
ҚР АШМ: Елімізде құс тұмауының таралуы толығымен жойылды фото: aikyn.kz

Құстардың өлім-жітімі бойынша төленетін өтемақы мәселесі Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында.

Мұны Президенттің қабылдауында болған ведомтсво басшысы Сапархан Омаров жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Министр жыл басынан бері ауыл шаруашылығындағы ішкі өнімнің көлемі 5%-ке артып, 4,4 триллион теңгені құрағанын, ал азық-түлік өнімдері 3,5%-ке, яғни 1,4 триллион теңгеге дейін ұлғайғанын хабарлады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне қайта өңделген өнім экспортын арттыруға, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін жоғарылатуға, ел шаруалары өндірген тауарлар үшін жаңадан өткізу нарықтарын ашуға және ветеринария саласындағы бақылауды күшейтуге қатысты бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысына еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайы және биылғы 9 айдың ішінде министрлік атқарған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берілді. Ауыл шаруашылығы министрі жыл басынан бері ауыл шаруашылығындағы ішкі өнімнің көлемі 5%-ке артып, 4,4 триллион теңгені құрағанын, ал азық-түлік өнімдері 3,5%-ке, яғни 1,4 триллион теңгеге дейін ұлғайғанын хабарлады. Сондай-ақ министр ауыл шаруашылығының негізгі капиталына және азық-түлік өндірісі саласына тартылған инвестициялардың көлемі 15%-ке артып, 445 миллиард теңгеден асқанын айтты.

Хабар 24 телеарнасы