423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда қарға қарамастан асфальт төсегендердің әрекеті әшкереленді

  • 145
  • UPD: 21:45, 27.10.2020
Көкшетауда қарға қарамастан асфальт төсегендердің әрекеті әшкереленді

Көкшетауда жауын-шашынға қарамастан көшеге асфальт төсеген жұмысшылардың әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға осыдан бірнеше күн бұрын Красный ауылында болған.

Тұрғындар көшелеріне алғаш рет асфальт төселгеніне қуанған. Бірақ жолдың жауған қарға қарамай жөнделіп жатқанына қарсылық білдірген. Оның үстіне жұмыс түн ортасында жүргізілген. Халықтың наразылығынан соң жөндеу ісі уақытша тоқтатылды. Ұзындығы 1,5 шақырым көшенің небәрі 300 метрге жуық жері асфальтталған. Әкімдік болса, жолды қалпына келтіру барысында өрескел қателік кеткенін мойындайды. «Бар кінә мердігер компанияда», дейді. Сондықтан жауапкершілік те солардың мойынына жүктелетінін айтады.

Қайрат Жүсіпбеков, Красный ауылы әкімі орынбасарының м.а.:

- Бізде республикалық орталық жол активтерінің сапасын тексеру зертханасымен шартымыз бар. Солардың тексерісі егер де сапаға сай болған күні ғана біз бұл жолды комиссия тексеріске алып, бұған ақшасы төленеді. Егер де сай болмаған кезде төленбейді. Мердігер өз есебінен бұл жолды қайтадан түзейді.

Жергілікті билік өкілдері бір аптаның ішінде тексеріс жасалатынын жеткізді. Ал, асфальттың талапқа сай еместігі анықталса, ол сүріледі. Орнына мердігер мекеме жаңа жабынды төсеуі тиіс. Бұл мәселе біздің тілшілердің назарында болады.

Хабар 24 телеарнасы