422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көлігіңіз қысқа дайын ба?

  • 149
  • UPD: 22:29, 27.10.2020
Көлігіңіз қысқа дайын ба?

Елордада бүгін тағы қар жауды. Бұл көлігін қысқа қамдап үлгермеген жұртты әбігерге салды.

Жолда сенімді жүру үшін тұлпардың тұяғына таға қаққандай көлікке де шегелі дөңгелек салу қажет. Қазір шаһарда қызметтің бұл түрін көрсететін орындарда жұмыс қызу. Кезек ұзын-сонар. Жүргізушілер сағаттап күтуге мәжбүр. Сұраныс артқан соң кейбір пысықайлар қызмет ақысын да көтеріп жіберген. Санитарлық талапты сақтап жатқандары да аз. Қалалық полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, өткен демалыс күндері шаһарда 50-ден астам жол апаты тіркелген.

Ксения Лычкина, қала тұрғыны:

- Бір сағаттай күттік. Жігіттер барынша жылдам жұмыс істеп жатыр. Бұл екінші көлігіміз. Біреуін ертерек ауыстырғанбыз. Әлі аяз түскен жоқ. Сондықтан дер кезінде үлгердік деп ойлаймын.

Алексей Пыжов, дөңгелек ауыстыратын орталықтың иесі:

- Күн суытқаннан кейін келушілер көбейді. Таңғы 09:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейміз. шамамен 40 көліктің дөңгелегін ауыстырамыз. Жүргізушілердің топтаспай кезекке жазылып, көлігінде отыруын сұраймыз. Бізде қысы-жазы бір баға. Сұраныс көбейді деп қымбаттатқан жоқпыз.

Хабар 24 телеарнасы