425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Орман кодексі туристік саланы тығырыққа тіреді

  • 333
  • UPD: 22:42, 27.10.2020

Шығыстағы туристік сала кәсіпкерлері тығырыққа тіреліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені демалыс нысандары мемлекеттік орман қорының аумағында салынған. Сондықтан кәсіп иелері ісін кеңейте алмайды. Былтыр енген жаңа кодекс бойынша мемлекеттің ерекеше қорғауындағы жерге ешқандай нысан салуға болмайды. Тығырыққа тірелген кәсіпкерлермен тілшіміз Олжас Керейхан тілдесіп қайтты.

Олжас Керейхан, тілші:

- Шығыстағы ен байлықтың тағы бір көзі – орман. Аймақта бүгінде бірнеше ұлттық парк пен оннан аса орман шаруашылығы бар. Осы нулы-таулы, сулы аумақта турзимді дамытуға да қолайлы. Осы салада ерте кәсіп бастағандардың бірі – Александр Чиликин. Тау арасына демалыс нысандарын, салып, жыл он екі ай туристер тартудың жобасын жасаған. Шаңғы тебетінтерге арналған аспалы жол да салды. Алайда соңғы жылдары ол тығырыққа тіреліп отыр. Бар мәселе – кәсіпкердің нысандары мемлекеттік орман қоры аумағында салынған. Сондықтан инвестиция да тарта алмай отыр.

Алекаснадр Чиликин, кәсіпкер:

- Мен бұл жобаға 2 миллиардқа жуық теңге салдым. Маған осы саладағы түрік және болгарлық кәсіпкерлер келді. Олар экотуризмге өте қызықты. Бірге жұмыс істеу үшін қаржы құюға дайын екендерін айтты. Бірақ жер орман қорына тиесілі екенін білгенде бірден теріс айналды.

Теріс айналатын себебі – қазір нақты иесі жоқ жерге қаржы салуға ешбір шетелдік инвестор тәуекел етпейді. Ал былтыр өзгеріс енген жаңа Орман кодексі бойынша ерекше қорғаудағы аумаққа қандай да бір нысан салуға  болмайды. Орман қорынан жерді жалға алған кәсіпкер өз бетімен санитарлық тазалық жасауға рұқсат жоқ. Есесіне шығастағы жалпы орман қорының 44%-інде құнды ағаштар өссе, қалаған бөлігін шіріген көктерек жабады.

Облыстық орман және ағаш өңдеу қауымдастығының директоры Виталий Чернецкий «жер мәселесі бойынша бизнес өкілдері мен Үкімет өзара келісімге келу керек» деп санайды. Мәселен орман қоры аумағында туристік кәсіп ашқысы келетіндерге салалық министрлік кесілген ағаш үшін қаржылай өтемақыдан тыс дәл сондай аумаққа құнды көшет егіп, көгалдандыруға мүмкіндік беруді ұсынып отыр.

Виталий Чернецкий, облыстық орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының атқарушы директоры:

- Еліміз бойынша шығыстағы орман қоры бірінші орында. Сондықтан кәсіпкерлерге балама жер ұсынылуы керек. Жалға немесе иелігіне алған жердің көлеміндей аумаққа ағаш егіп, орман қорын көбейтуі керек?

Орман қорын осындай тәсілмен көбейтуге осы сала қызметкерлері де мүдделі. Сондықтан былтыр қабылданған жаңа кодекстің 51- бабына тағы да өзгеріс енгізуді сұрап отыр.

Арман Есентаев, облыстық табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары:

- Осы мәселені талқыладық. Үкіметке, министрлікке тіисті ұсыныс жібердік. 51-бапқа осы тізімді кеңейту бойынша тиісті ұсыныс жібердік.

Жаңа кодекстегі  51-бапта орман қоры аумағында ауыл-аймақ болса, оған инфрақұрылым тартуға ғана рұқсат етілген. Ал басқа мақсатқа пайдалануға мүлде болмайды. 

Авторлары: Олжас Керейхан, Жігер Бабахнов

Хабар 24 телеарнасы