425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ауыл» партиясы агроөнеркәсіп саласының кәсіпкерлерімен күш біріктіреді

  • 104
  • UPD: 23:09, 27.10.2020
«Ауыл» партиясы агроөнеркәсіп саласының кәсіпкерлерімен күш біріктіреді

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы агроөнеркәсіп саласының кәсіпкерлерімен күш біріктіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақсат – ауыл шаруашылығының қордаланған мәселесін шешу. Елдегі ескірген техниканы 40%-ке жаңарту, тың бизнес бастамаларды қолдау, ірі нарықтарға кедергісіз шығу сынды түйіні шешілмеген түйткілдердің нақты тетіктерін бірлесе қарастырады. Сала мамандарының мұң-мұқтажына құлақ асқан партия агроөнеркәсіптік альянспен меморандумға қол қойды.

Әли Бектаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы:

- Қандай бағытта дамимыз? Және қандай көмек керек? Сол көмекті ала алмай жатады кейбір жағдайларда. Сондықтан біздің ойымызша, агросоюздармен бірлескен жұмыс жасауға меморандумға қол қойып, күшімізді біріктірсек. Сөйтіп, олардың тәжірибесін, мүмкіндігін, экспорттық потенциалын, жинақтаған тәжірибелерін ортаға сала отырып, осы ауылшаруашылығын дамытуға нақты жоспар.

 

Хабар 24 телеарнасы