424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде «Жыл волонтері» байқауына өтінім қабылдау басталды

  • 154
  • UPD: 23:13, 27.10.2020
Елімізде «Жыл волонтері» байқауына өтінім қабылдау басталды

Елімізде «Жыл волонтері» халықаралық байқауына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үміткерлер Qazvolunteer порталында тіркеле алады. Байқауға жекелеген волонтерлер және волонтерлік ұйымдардың өкілдері қатысады. Шараның мақсаты – ел өміріне бей-жай қарамайтын, әлеуметтік-қоғамдық мәселелердің шешілуіне өз үлесін қосқан азаматтардың еңбегін ескеру. Өтінімдер 2020 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады. Сыйлықты тағайындау туралы бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген еді.

Хабар 24 телеарнасы