422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Нұрлы көшпен» салынған үйлер жекешелендірілуі мүмкін

  • 161
  • UPD: 23:23, 27.10.2020
«Нұрлы көшпен» салынған үйлер жекешелендірілуі мүмкін

«Нұрлы көш» ауылында тұратын қандастарымыздың баспаналарын жекешелендіру ісі қолға алынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін «Отандастар» қорының жиынында осы мәселе көтерілді. Бағдарлама аясында салынған 138 үйдің жер телімдері тұрғындардың меншігіне беріледі деген ақпарат шығып еді. Алайда азаматтар сапасыз салынған үйді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» 4,5%-тік несиесі арқылы сатып алудан бас тартқан екен. Жиында Қазақстанға ерікті түрде көшкен қандастарға өзге көмек түрлерін ұйымдастыру, солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарды тұрғын жаймен қамту мәселелері көтерілді.

Мұрат Бахтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Қандастарымызға арнайы жер берілген, өз күшімен үй салған. Жердің барлығы мемлекеттік меншігінде. Оларға бермейді. Ол азаматтардың көпшілігі құжаттарды ала алмаған. Арнайы Үкіметтің бағдарламасы бар. Келем деген қандастарымызға кейбір заң аясында жер бермеске?! Оңтүстіктен солтүстікке көшіру бағдарламары бар. Сол жерлерге керемет қылып жерді бермеске.Оларға жағдай жасай отырып, олар кәсіптерін жандандырады.

Хабар 24 телеарнасы