420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында мал базарының жұмысына тыйым салынады

  • 302
  • UPD: 08:31, 28.10.2020
Түркістан облысында мал базарының жұмысына тыйым салынады

Түркістан облысында жабық базарлардың cенбі күні жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Бірақ сауда орындарында санитарлық-дезинфекциялық талап күшейтіліп, әлеуметтік арақашықты және маска кию тәртібін сақтау міндеттелді. Өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігері карантиндік шектеу шараларын ұзарту туралы қаулыға осындай өзгерістер енгізді. Жаңа қаулыға сәйкес, облыс аумағындағы сауда орталықтары мен азық-түлік, киім-кешек базарлары таңғы сағат 09:00-ден кешкі 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, бұған дейін өңірдегі барлық базарлар мен сауда орталықтары тек жұмыс күндері ғана қызмет көрсетіп келген еді. Ал қаулыдағы өзге талаптар сол күйі өзгеріссіз қалдырылды. Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметовтің айтуынша, өңірдегі мал базарларының жұмысына тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдарға мүмкіндігінше көшеге шықпауға кеңес беріледі.

Айдарқұл Ахметов, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бд басшысының орынбасары:

- Кинотеатрларға жұмыс істеуге рұқсат етіліп отыр. Толымдылығын 30 проценттен асрымай, санитарлық талаптары сақтай отырып. Той-томалақ мәселесі бізе ең өзекті болып тұр. Отбасылық мерекелік шаралар, қоғамық тамақтану орындарындағы ұжымдық іс-шаралардың барлығына тыйым салынған. Бірақ бізде облыста осы жағдай тұрақталмай тұр.

Хабар 24 телеарнасы