425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда қандай мамандықтардың жалақысы жоғары?

  • 406
  • UPD: 09:57, 28.10.2020
Қазақстанда қандай мамандықтардың жалақысы жоғары?

Биылғы жылдың жазында еңбек нарығын зерттеу қорытындысына сәйкес ҚР аумағында есептелген жалақы мөлшері бойынша жұмыскерлердің құрылымы келесідей көрінеді.

Қызметкерлердің жалпы санында орташа айлық жалақы алғандар:

• 45 000 тг-ге дейін — 1,8% жұмысшы;
• 45 000 105 000 тг аралығы — 30,8%;
• 105 000 210 000 тг аралығы – 39,2%;
• 210 000 300 000 тг аралығы — 14,2%;
• 300 000 420 000 тг аралығы — 7,2%;
• 420 000 600 000 тг аралығы — 3,6%;
• 600 000 750 000 тг аралығы — 1,2%;
• 750 000 900 000 тг аралығы — 0,6%;
• 900 000 тг-ден жоғары — 1,4% жұмысшы.

Басшылар мен мемлекеттік қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 354,5 мың тг-ні құрады. Өз кезегінде кәсіби мамандар орта есеппен 214,8 мың тг, ал техникалық мамандар мен басқа да көмекші кәсіби қызметкерлер 165,2 мың тг алады. Сонымен қатар біліктілігі жоқ жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 83,7 мың тг-ні құрады.

Өңірлік бөліністе ұйым басшыларының арасында орташа айлық атаулы жалақының ең көп мөлшері Атырау облысында (876,6 мың теңге), сондай-ақ Алматыда (805,6 мың теңге) және Нұр-Сұлтанда (638,6 мың теңге) байқалды.

Ең аз жалақыны Жамбыл (265 мың тг), Солтүстік Қазақстан (280,2 мың тг) және Қостанай (316,9 мың тг) облыстарының кәсіпорын басшылары алады.

 

Хабар 24 телеарнасы