425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Kaspi.kz техникалық ақаулар жайлы мәлімдеді

  • 185
  • UPD: 10:13, 28.10.2020
Kaspi.kz техникалық ақаулар жайлы мәлімдеді

28 қазан күні Kaspi.kz қосымшасының жұмысы уақытша тоқтатылды.

Банк қызметкерлері ақауларды жөндеуге уәде берді.

«Өкінішке қарай, Kaspi.kz-те техникалық ақау туындады. Картамен төлеу, ақша шешу және банкоматтар арқылы шотты толтыру, сонымен бірге төлемдер мен аударымдар жасау уақытша жұмыс істемейді. Біз тезірек қалпына келтіруге тырысып жатырмыз», дейді банк.

Қазір банк қосымшасында шоттағы қаржы сомасы көрінбей тұр. Қосымшада 10:00 ақпараттың жаңартылатыны жазылған.

Сонымен бірге банк уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы