423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелден ұшып келгендердің 98%-інде ПТР анықтама бар

  • 127
  • UPD: 14:51, 28.10.2020
Шетелден ұшып келгендердің 98%-інде ПТР анықтама бар

Шетелден Қазақстанға ұшып келген азаматтардың 98 проценті ПТР тестіден өткен. Бұл туралы көліктегі  бас санитар дәрігер Садуақас Байғабылов мәлімдеді.

Жалпы бүгін түнде елге 7 халықаралық рейспен 652 жолаушы жетті. Олардың тек 11-інде коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтама жоқ.

Атап айтсақ, сегізі Нұр-Сұлтанда, тағы үшеуі Ақтау тұрғыны. Олар Беларусь, Түркия, Біріккен Араб Әмірлігі және Тәжікстанға барып келген. Енді бұл азаматтар тиісті сынама тапсыру үшін карантиндік стационарға жатқызылды.

Хабар 24 телеарнасы