422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астрономдар астероидтің Жермен қашан соқтығысатынын анықтады

  • 402
  • UPD: 12:07, 28.10.2020
Астрономдар астероидтің Жермен қашан соқтығысатынын анықтады

Ғалымдар Жерге жақын орналасқан ірі астероидтің соғылуы мүмкін екенін айтты.

Бұл туралы Гавай университетіндегі Астрономия институтының астрономы Дэйв Толен ескертеді. Ол мұны аспан денесінің ұшу траекториясы арқылы анықтаған.

Әңгіме Апофис деп аталатын астероид туралы болып отыр.

Апофисті 2029 жылдың 23 сәуірінде көзбен көруге болатынын, ал 2068 жылы Жермен соқтығысуы мүмкін екенін айтады.

Бұдан бұрын ғалымдар Жерге 20-дан астам астероидтің жақындап келе жатқандығы туралы айтқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы