Каспи банктегі техникалық ақауға байланысты жұрт бұл қаржылық институт бөлімшелерінде кезекке тұрды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Астанадағы осы банк бөлімшелерінің біріндегі қызметкерлер техникалық ақаудың себептерін клиенттерге де, тілшілерге де түсіндіруге еш асықпады.
Ал клиенттер көп жинала бастағандықтан олардың кезекті сыртта күтуіне тура келіп тұр.
Бәрінен бұрын халықты өз шоттарындағы ақшаның бүтіндігі толғандырады.