422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құтқарушылар Алматы тауларында жарақаттанған қызға көмек көрсетті

  • 232
Құтқарушылар Алматы тауларында жарақаттанған қызға көмек көрсетті

2020 жылғы 27 қазанда Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне жедел қоңырау түсті.

Онда Алматы қаласы, Медеу ауданында, Мыңжылқы үстіртіндегі метеостанция ауданында (теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте) 2003 жылы туған қыздың аяғын жарақаттап алғаны және оған көмек қажет екендігі туралы айтылған.

РЖҚЖ құтқарушылары зардап шеккен қызға жедел көлікпен жетті. Қыз құлап, тізесін жарақаттап алған екен. Оқиға орнында РЖҚЖ құтқарушылары алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен адамды Апаттар медицина орталығының қызметкерлеріне тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы