419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Kaspi банк. Бөлімшеге барғандарға қандай жауап айтылды?

  • 685
  • UPD: 14:32, 28.10.2020

Елімізде таңертеңнен бері каспи банк қосымшасы істемей қалды. Банктің баспасөз қызметі, техникалық ақаулар жақын арада жөнДелетінін хабарлады. Қазір кейбір банк операциялары қолжетімді болған. Десе де, алаңдаған жұрт банк бөлімшелеріне барып жатыр.

Бүгін ала таңмен каспий банкте дүрбелең. Мобильді қосымшасы істемейді. Картамен төлеу, ақша аудару мен банкоматтардан қаржы алу сынды операциялар жүзге аспады. Кейбіреулердің есеп шотындағы қаржы азайған, тіпті қарыз болып қылып қалған. Мән-жайды білу үшін көбі банк бөлімшелеріне келген. Ал мұндағылардың берер жауабы жалғыз.

«Күтіңіз» дейді. 

Біреулер ақшам азайып кентті деп алаңдаса, кей тұрғындардың таңы қуанышпен атқандай. Өйткені есепшотындағы ақша еселеніп көбейген. Сүйінші сұрап әлеуметтік желіге жариялап жатқандар да бар. Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бұл кибершабуыл деген хабарламалар тарады. Қаржы ұйымының баспасөз қызметі бұл ақпарат жалған екенін айтып, тұтынушыларының ақшасы сақтаулы дегенге сендірді. 

Ербол Азанбек, Kaspi.kz баспасөз хатшысы: 

- Халықаралық антивирустық компания басшысының айтуынша, дәл қазір каспи банктің сайты мен мобильді қосымшаларына қайта-қайта кірудің керегі жоқ. Бұл ақауды жөндеп жатқан мамандардың жұмысына кедергі келтіреді. Сондай-ақ есеп-шоттағы мәлімет туралы деректерді тарату өзіңізге қауіпті. Ақпарат интернет-алаяқтардың қолына түсуі мүмкін. Сондықтан сабырмен күту маңызды. 

Евгений Питолин, халықаралық антивирустық компанияның директоры:

- Біздің мәліметтерімізге қарағанда ешқандай да кибершабуылдың ізі байқалмайды. Бұл техникалық ақау деп ойлаймыз. Банк басшылығы да осылай деп мәлімдеді. Каспи банк технологиялық жағынан мықты. Сондықтан мамандардың жағдайды қалыпқа келтіруіне мүмкіндік беру керек деп санаймын. Қазір сайт пен қосымшаға қайта-қайта қосылуыңыз олардың жұмысына кедергі келтуріу мүмкін.  

Айта кетейік, қаржы ұйымдарына қатысты жалған ақпарат әлеуметтік желіде жиі жарияланады. Мәселен, 2018 жылы WhatsApp мессенджерінде «каспи банк банкрот болады6 басшылығы шетелге қашып кетті» деген жалған ақпарат тараған еді. Ол кезде директоры халық алдына шығып салымшыларды сабырға шақырған. Ал Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат таратқандарды жауапқа тартты. 

Авторлар: Талғатбек Әбдіқожа, Ержан Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы