422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында карантин күшейтіледі

  • 199
  • UPD: 15:26, 28.10.2020
Алматы облысында карантин күшейтіледі

Қыркүйек айында Алматы облысының 74 тұрғынынан короновирус белгілері анықталса, қазан айында бұл көрсеткіш 138-ге жеткен.

Науқастанғандардың дені Талдықорған, Текелі қалалары мен Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандарында тіркеліп отыр. Сырқаттанғандар санының артуына байланысты өңірде карантиндік шектеулер енгізілмек. Ертеңнен бастап аймақта кинотеатрлар, караоке мен түнгі клубтар, көңіл көтеру орындары, атракциондар мен бассейндер қызметін тоқтатады. Көлік жуатын және жөндейтін нысандар кешкі алтыға дейін ғана жұмыс істейді. Жаттығу залдары, ойын сауық орталықтары 30 проценттік, моншалар 50 проценттік толтырылым негізінде қызмет көрсетеді. Мейрамханалар мен кафелер түнгі онда жабылатын болады. Ал сенбі, жексенбі күндері 2 мың шаршы метрден асатын киім-кешек сататын дүкендер мен тамақтану орындары мүлдем ашылмайды. 

Ерғали Сыдыманов, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін  бақылау департаментінің басшысы:

- Сенбі, жексенбі күндері тамақтану орындары 100 пайыз жабылады. Неге десеңіз, осы кезде той-томалақ өтеді. Біз адамдардың топтасуын тоқтата алмай отырмыз. Сондықтан осындай шектеу енгіздік.

Хабар 24 телеарнасы