422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да шалғайдағы 8 елді мекенге жылжымалы медициналық кешен берілді

  • 128
  • UPD: 18:02, 28.10.2020
СҚО-да шалғайдағы 8 елді мекенге жылжымалы медициналық кешен берілді

Енді бұдан былай халық ем іздеп қалаға сабылмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көшпелі аурухана аудан орталығынан 100-200 шақырым жердегі ауылдарға барып, тұрғындарға қызмет көрсететін болады. Диагностикалық кешен рентген, ультрадыбыстық зерттеу жасайтын түрлі заманауи құралдармен жабдықталған. Мұнда дәрігерлер күніне 100-ден астам науқасты қабылдай алады.

Ербол Уәхитов, Уәлиханов орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері:

– Біздің аудан Ресеймен шекарада. Яғни кей ауылдар аудан орталығынан 200 шақырым жерде орналасқан. Енді арнайы кесте жасалып, елді мекендерді аралайтын боламыз. Аталған кешеннің көмегінен медициналық қызмет қолжетімді әрі сапалы болады деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы