425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қоғам мен отбасында әкелердің рөлі төмендеді – Мақсұтбек Айтмағанбет

  • 162
  • UPD: 18:02, 28.10.2020
Қоғам мен отбасында әкелердің рөлі төмендеді – Мақсұтбек Айтмағанбет

Қоғам мен отбасында әкелердің рөлі төмендеді. Сол себепті ер адамдардың белсенділігін арттыру қажет. Бұл туралы «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет мәлімдеді.

Бүгін ұйым мүшелері жиналып, онлайн форматта форум өткізді. Жиында әкелер институтын дамыту мен отбасылық құндылықтарды нығайтуы жайында сөз қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатысушылар гендерлік теңдік пен жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін көтерді. Ол үшін бірлестік мүшелері әкелер апталығын өткізуді жөн көрді. Оған 600-ден астам ер адам қатысты.

Мақсұтбек Айтмағанбет, республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

– 90-жылдары біраз әкелер түзде жүрді. Тарихи кезеңдер болды. Қазір әке мен балалар арасындағы қарым-қатынас жақсартып келе жатыр.

Хабар 24 телеарнасы