420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қайырымдылық керуені» байқауына өтініш қабылдау жалғасуда

  • 217
  • UPD: 14:54, 31.10.2020

Ол 15 желтоқсанға дейін созылады. Игі іс-шараға кез-келген адам қатыса алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басты талап – үміткер әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешуге айрықша атсалысуы қажет. Жеңімпаздар «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында» және «Қайырымдылық тарихы» атты 5 аталым бойынша марапатталады. Жеңімпаздардың есімі келер жылы Алғыс айту күні қарсаңында жарияланады. Жобаға Тұңғыш Президент қоры мен Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы және «Хабар» агенттігі бастамашы болды. Жобаға қатысуға ниет танытқандар қатары артып келеді дейді ұйымдастырушылар. Былтыр 200-дей өтініш келген. Биыл одан да көп болуы мүмкін дейді.

Сандуғаш Бекжігітова, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі:

– Бұл іс шараның негізгі мақсаты - мейірімді игі істерді жасайтын адамдарды анықтауға және оларды көтермелеуге, адамгершілік құндылықтарды таныстыруға бағытталған. Биылғы жыл бәріміз үшін сыни жыл болды. Мейірімділік жолында жүрген адамдарды атап көрсетіп, өтініштеріңізді қарауға дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы