425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде жарылыстан үйлерде жарықшақ пайда болды

  • 164
  • UPD: 20:00, 28.10.2020
Өскеменде жарылыстан үйлерде жарықшақ пайда болды

Жаңадан бой көтерген шағын ауданда құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания тау-тасты қопару үшін ала жаздай жарылыс жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындардың айтуынша, оның қатты болатыны соншалық, кейде көпқабатты бүкіл үй шайқалып кетеді. Халық тау-тасты қопарып жатқан мердігер мекеме жарылыс жасайтын кезде алдын ала ешқандай ескерту жасамайтынын айтып, құзырлы органға шағымданған. Бірақ олар тек ескерту берумен ғана шектеліп келеді. Апта сайын болған жарылыстың кесірінен сол маңдағы жеке және көпқабатты үйлерге де зақым келген. Көбісінің қабырғасы қақырап, төбесінде жарық пайда болыпты. Енді бұл жағдай арнайы сараптамадан өтеді. Егер жарылыс әсер етсе, тау-тасты қопарған мердігер компания бүлінген үйлерді жөндеп беруге келісіп отыр.

Айлыгүл Тегісова, қала тұрғыны:

- Үйдің іші жер сілкінгендей шайқалып кетті. Ыдыс-аяқ, шкафтар бәрі қозғалды. Кейбір көршілеріміз шығып, қалаға қарай кетіп қалыпты. Кейбір көршілеріміз жолға шығыпты. Біз мүлдем естіген жоқпыз.

Владимир Усенко, мердігер компания директоры:

–  Үйлердің бүлінген жерін жөндеп береміз. Оның бәрі жарылыс салдарынан бұзылғанын жоққа шығармаймыз. Бірақ ол осы жолғы жарылыстан бүлінген жоқ. Оның алдындағы жарылыстан болған. Баспана иесіне барамыз. Сараптама жасап, келген шығынды да өтейміз.

Хабар 24 телеарнасы