420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында кеңеске қатысатын мемқызметкерлердің ПТР анықтамасы тексеріледі

  • 133
Павлодар облысында кеңеске қатысатын мемқызметкерлердің ПТР анықтамасы тексеріледі

Карантин талаптарына қатысты жаңартылған қаулыға осындай ереже енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жаңа талаптың іс жүзінде қалай жүзеге асатынын түсіндірді. Аппараттық кеңестер мен жиындарға қатысатын мемлекеттік қызметкерлер коронавирус инфекциясының жоқтығы туралы анықтаманы көрсетулері керек. Ол үш күнде дайын болады. Мемлекеттік органдарға бұл туралы хабарланған.

Зәмзәгүл  Досжанова, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Егер бұл мүмкін болмай жатса, әлеуметтік арақашықтық пен маска режимін сақтап, жоспарлы шараны өткізу қаулыға сәйкес рұқсат етіледі. Шектеулер әрине бар. Сондықтан барлық мемлекеттік органдар ПТР-анықтамалар жөнінен хабардар. Бұл талап адамдар жаппай қатысатын шараларға байланысты қойылады.

Хабар 24 телеарнасы